Пиззелли «Ақтөбе» қатарына қосылды
Келісімшарт бойынша Маркос Пиззелли Владимир Никитенко командасының намысын осы жылдың соңына дейін қорғайтын болады. Ел футболына қосылатын ойыншы 2012 жылы краснодарлық "Кубанның" жейдесін киіп, аталған клуб сапында өзі қатысқан 31 ойында 8 доп соққан. Өткен жылдың мамыр айында «Краснодар» сапына ауысып, 8 ойында 2 допты еншісіне жазыпты.
Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» командасын осыған дейін беларус Ренан Брессан мен бразилиялық Данило Неко толықтырған болатын. Сонымен қатар, Павел Шабалин мен Валерий Коробкин де Ақтөбеге жол тартқан-ды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com