Пелені немерелері сотқа берді

О Сансызбай Корреспондент

Балалардың қорғаушысы Клаудио Форсселяның айтуынша, Пеле балаларымен кездесуден бас тартқан көрінеді. Сонымен қатар оларды 2011 жылы соңғы рет көрген. Сотқа берудегі себеп - 13 және 15 жастағы Октавио мен Габриэль медициналық сақтандыру мен білім алуларына кеткен 6 мың долларды қайтаруын сұраған. Ал қос жеткіншектің анасы Сандра Регина 2006 жылы қатерлі ісіктен қайтыс болған екен. Сот қорытындысы бойынша, Пеле балалардың әрқайсысына 760 доллар төлеп тұратын болды.

Қазан айының 21-ші жұлдызында 73 жасқа толатын әйгілі футболшы қазіргі таңда киноға түсу, телекомментатор және кәсіпкер ретінде де танымал болып үлгерді.

 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: footballhd.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама