Пелеге ота жасалды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Фото ©️ novostimira.net

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары "Футбол королінің" арқасына ота жасалғанын жазып жатыр. Оның ауруханада жатқанына бес тәулік болған екен. Денсаулығының нақты қандай жағдайда екені әзірге белгісіз. Дегенмен жақын күндері сауығып шығады деген хабар бар. 

Бразилия елінің атын шығарған ойыншыны ХХ ғасырдың ұлы футболшысы деп қана емес, спорт тарихындағы даңқты тұлға деп бағалауға болады.

Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) өз заманында жасындай жарқылдады. Бразилия ұлттық құрамасымен үш рет әлем чемпионатын (1958, 1962 және 1970 ж) жеңіп алды. Осы жетістігінің өзі футболшының абыройын асқақтатпаса, төмендеткен емес. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама