Пекин Олимпиадасына қатысқан 6 қазақстандық допинг күдігіне ілікті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ raisport.rai.it

Ұлттық олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, қазақстандық алты спортшының Пекин олимпиадасы кезіндегі алынған допинг сынамаларын қайта тексергенде күдік тудырған. Алдағы уақытта Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) спортшылардың «Б» сынамасын тексеретін болады. Бұл шара 18-26 шілдеде Лозаннада (Швейцария) қазақстандық тараптың қатысуымен өтеді.

Қазір Халықаралық Олимпиадалық комитеттің ережесіне сәйкес аталмыш процедура құпия және тестілеудің түпкілікті нәтижесі алынбағанға дейін ақпарат жарияланбайды. Қайта тестілеу процедуралары аяқталып, тексерулердің ресми нәтижелері мен хабарландыру келген кезде ғана Ұлттық Олимпиадалық комитет осы мәселе бойынша түсініктеме беруге уәкілетті болады, - деген ресми хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін допинг қолданды деп айыпталған Илья Ильин, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло мен Светлана Подобедова Рио Олимпиадасына қатысу мүмкіндігінен айырылған-ды. Сондай-ақ Алмас Өтешов пен Ермек Өміртай 4 жылға, Жасұлан Қыдырбаев пен Фаина Сыбанбаева 8 жылға спорттан шеттетілген еді. Ал кеше ауыр атлет Владимир Седовтың да сынамасынан станозолол табылғаны мәлім болған-ды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама