Педро «Челсидегі» бірінші ойынында гол соқты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

«Ақсүйектер» үшінші турда «Вест Бромвичте» қонақта болды. Бірінші болып 20 минутта Педро есеп ашса, араға 10 минут сала Диего Коста нәтижені еселей түсті. 35 минутта Джеймс Моррисон есепті қысқартқанмен, бірінші тайм аяқталар тұста Сесар Аспиликуэта есепті 3:1-ге жеткізді.

Екінші таймда «Челси» капитаны Джон Терри алаңнан қуылып, Жозе Моуринью командасы 10 ойыншымен қалды. 57 минутта Джеймс Моррисон дубль авторы атанды. Алайда ойын соңына дейін қонақтар есептегі басымдығын ұстап қала алды. Нәтижесінде жаңа маусымдағы бірінші жеңісіне қол жеткізді.

Өзге ойындар қорытындысы:

«Уотфорд» – «Саутгемптон» 0:0

«Эвертон» – «Манчестер Сити» 0:2

Голдар: Коларов (60), Насри (88) №Командалар Тур саны    Жеңіс        Тең        Жеңіліс    Соққан голы   Өткізген голы  Доп айырмасы   Ұпай  1 Манчестер Сити 3 3 0 0 8 0 +8 9 2 Лестер 3 2 1 0 7 4 +3 7 3 Манчестер Юнайтед 3 2 1 0 2 0 +2 7 4 Кристал Пэлас 3 2 0 1 6 4 +2 6 5 Ливерпуль 2 2 0 0 2 0 +2 6 6 Суонси 3 1 2 0 5 3 +2 5 7 Эвертон 3 1 1 1 5 4 +1 4 8 Норвич 3 1 1 1 5 5 0 4 9 Челси 3 1 1 1 5 7 -2 4 10 Вест Хэм 3 1 0 2 6 6 0 3 11 Уотфорд 3 0 3 0 2 2 0 3 12 Борнмут 3 1 0 2 4 5 -1 3 13 Арсенал 2 1 0 1 2 3 -1 3 14 Астон Вилла 3 1 0 2 2 3 -1 3 15 Стоук 3 0 2 1 3 4 -1 2 16 Тоттенхэм 3 0 2 1 3 4 -1 2 17 Ньюкасл 3 0 2 1 2 4 -2 2 18 Саутгемптон 3 0 2 1 2 5 -3 2 19 Сандерленд 3 0 1 2 4 8 -4 1 20 Вест Бромвич 3 0 1 2 2 6 -4 1


«Арсенал» мен «Ливерпуль» арасындағы ойын ертең өтеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама