Павлодарда Ертіс өзеніне батып кеткен Қытай азаматының денесі табылды
24 жастағы жігіт осыдан үш күн бұрын Ертіс өзенінде шомылып жүріп, суға батып кеткен. Бұл туралы Vita Павлодар іздеу еріктілері мәлімдеді.
"Осыдан үш күн бұрын орталық жағажайда суға батып кеткен Қытай азаматының денесі табылды. Ол жағалаудан 25-30 метр қашықта тереңдігі 3 метр жерге шомылған. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", - делінген еріктілер Instagram-парақшасында.