Павел Брво: Тоғызыншы нөмірдегі ойыншы жақсы ойнады

О Сансызбай Корреспондент

- Бүгінгі ойын нәтижесі туралы не айтасыз?

- Ойынды толықтай басымдықта ұстау үшін алаңға шықтық. Екінші таймда аздап босаңсыған едік. Алаң иелері пайдалана білді. Нәтижені көрдіңіздер. Менің ойымша нәтиже ойынға лайықты. Қазақстан құрамасы ойынының өрлеуі байқалады.

- Қазақстан құрамасы ойынды қызуқанды қалыпта бастады. Бұл туралы не айтасыз?

- Бірінші таймнан гөрі, екінші таймда алаң иелері күшейді. Біз ойындағы басымдықты сақтап қалуға тырыстық. Кеше айтқандай, Қазақстан құрамасының қорғанысынан гөрі, шабуылы мықты, әрі мығым.

- Алаң иелері сапынан шәкірттеріңізге қай ойыншы қиындық тудыра білді?

- Маған тоғызыншы нөмірдегі ойыншының (Бауыржан Исламхан) ойыны өте ұнады. Өзгелерден гөрі ерекше көзге түсті.

- Исландия да «А» тобында сәтті өнер көрсетуде. Олар туралы не айтасыз?

- Бұл топтың фавориті Нидерланды екені анық. Біз Исландия немесе Түркия құрамаларымен екінші орынға таласуымыз мүмкін. Бірақ, бірінші орынға ұмтылуға тырысамыз. Оның алғашқы қадамдарын да жасап үлгердік деп ойлаймыз. Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына сәттілік тілейміз!

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет:@massaget.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама