Патрик Аллотей: «Қазақстанға Қанатты жеңу үшін келдім»
Ганалық боксшы командасымен кеше Алматыға ат басын бұрған болатын. Бүгін өткен отырыс барысында Қазақстанға Қанатты жеңу үшін келгенін де айта кетті.
- Менің есімім – Патрик Аллотей. Қазақстанға қол қусырып келген жоқпын. Қанатты жеңіп, белдіктерін алып кетуге келдім. Қанат мен секілді қауқарлы қарсыласпен жұдырықтаспаған, - деді.
Айта кетейік, Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы жекпе-жек 29 қазан күні Алматыда өтеді. Қазақстандық спортсүйер қауым бұл кездесуді «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалай алады.
Алматыдағы бокс кешінде Қанат Исламнан өзге Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев пен Айдос Ербосынұлы шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.