Париждегі “Мастерс” турнирінің екінші айналым ойындары аяқталды

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент

1 сағат 40 минутқа жалғасқан бәсекенің бірінші кезеңі, тай-брейкке ұласып, шешуші сәтте чех жеңісті жұлып кетті. Одан әрі тізгінді қолдан шығармаған әлемнің алтыншы ракеткасы Париждегі турнирдің келесі сатысына аяқ басты. Өз еліндегі додаға алтыншы нөмірмен келген  Жо-Уилфрид Тсонга осы күні 30 жастағы отандасы Жюльен Беннетодан айласын асырды.  Үш сетке созылған ойын нәтижесі 6:2, 4:6 және 7:6. Осы турдағы тағы бір матчта жапониялық теннисші Кеи Нисикори 7:6, 6:2 есебімен француз Бенуа Пэрден басым түсті. Басты сенсация деп бұл турнирде әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичтің жарыс жолынан шығып қалуын айтуға болады. Серб жігіті Сэм Куэрримен үш сетқа ұласқан ойында 0:6, 7:6, 6:4 есебімен ұтылды.

Бүгін үшінші айналым барысында Жиль Симон - Кэй Нисикори, Кевин Андерсон - Томаш Бердых, Энди Маррей - Ежи Янович, Хуан Монако - Янко Типсаревич, Жо-Уилфрид Тсонга - Н.Альмагро, С.Вавринка - Давид Феррер, Х. Мартин Дел Потро - Микаэль Ллодра және де Милош Раонич - Сэм Куэрри жұптары күш сынасатын болады.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: eurosport.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама