Париж Олимпиадасында алғаш рет жүлде алған елдер
32 спорт түрінен 329 медаль сарапқа түскен додада биыл 206 Олимпиадалық ұлттық құрама, 10 мыңнан аса спортшы қатысты. Нәтижесінде 84 құрама медаль иеленді. Солардың ішінде Кабо-Верде, Сент-Люсия, Доминика мемлекеттері және Босқындар құрамасы өз тарихындағы алғаш рет медаль иеленіп отыр.
Кабо-Верде
Кабо-Верде ұлттық құрамасының бұл жетінші жазғы Олимпиадасы. 1996 жылы Атлантада өткен жазғы Олимпиада ойындарында дебют жасаған құрама, содан бері бірде-бір ойындарды жібермеген. Бірақ медаль алу бақыты осы додада бұйырыпты.
Ұлттық құрама атынан шыққан боксшы Даниэль Варела де Пина 51 келі салмақта қола жүлдеге қол жеткізіп, Кабо-Вердеге тұңғыш Олимпиада медалін берді. Финалда ол Хасанбой Дусматовқа жол берген. Боксшының триумфта көрінуі сенсация болды. Еске сала кетсек осы салмақта еліміздің намысын Сәкен Бибосынов қорғаған еді. Ол да бірақ өзбек спортшысына жол берген.
Сент-Люсия
Сент-Люсия да Олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Ұлттық құраманың алғашқы жүлдесін жеңіл атлетер Жулиен Альфред алып берді. Жәй ғана жүлдеме емес Париж Олимпиадасының алтын медаль.
Альфред 100 метрге жүгіруде үздік шықты. Сент-Люсиядан келген 23 жастағы спортшы бұл қашықтықты 10,72 секундта бағындырып, АҚШ-тың екі өкілі – Ша'Карри Ричардсон – 10,87 секунд пен Мелисса Джефферсонды – 10,92 секундта басып озды.
Доминика
Доминика ұлттық құрамасының алғашқы медалі де қоржынға олар қатысқан 7-і жазғы Олимпиада ойындарынан кейін түсіп тұр. Экваторға жақын орналасқан Доминика, 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарына да алғаш қатысып, өзге елдермен бақ сынасқан. Доминика Ұлттық Олимпиада комитеті 1993 жылы құрылғанымен Халықаралық Олимпиада Комитетімен тек 5 жыл өткен соң мойындаған.
Ұлттық құрамаға Париж Олимпиадасынынан медальді Теа Лафонд үш қарғып секіруден сыйлаған. Жеңіл атлетші жанкүйерлерін алтын медальмен қуантты.
Босқындар құрамасы
Босқындар құрамасы Олимпиада ойындарына 3-інші мәрте қатысып жатыр. Биыл құрамында 11 мемлекеттің 36 спортшысы бар құраманың бұған дейін қоржынына бірде-бір медаль түспеген. Париж Олимпиадасы бұл сәтсіздіктің нүктесін қойды.
Құрама қоржынына алғашқы жүлдені әйелдер арасындағы бокстан камерундық Синди Нгамба алып берді. 25 жастағы спортшы Синди Нгамба бокстан жартылай финалға шығып, қола жүлдегер атанды. Бала кезінде көп қиындық көріп, көшіп-қонып, соңында Ұлыбританияға табан тіреген спортшы босқындар құрамасының сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетіп жүр.
Бұл елдер үшін алғашқы Олимпиада медальдары жай ғана спорттық жетістік емес, ұлттық мақтаныш. Олар халықаралық аренадағы шағын немесе аз танымал мемлекеттердің де табандылық арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті.