Паралимпиадашыларымыз іріктеу сынында сүрінді

О Сансызбай Корреспондент

Жарыс жолына бірінші болып шыққан Жаңыл Балтабаева 1 шақырымдық спринт сайысының іріктеу кезеңінде соңғы орынға тұрақтады. Дәл осындай көрсеткішті әйелдер арасындағы 1 шақырымдық шаңғымен түрегеп жарысу және еркін әдіс сынында бақ сынаған Елена Мазуренко да көрсетті.  Ал ерлер арасындағы осы қашықтықты еркін әдіспен жүріп өту жарысында Александр Колядин 33-орынды, Ерлан Омаров 35-орынды (бұл да соңғы орын) қанағат тұтты. Көзінен жарақат алған спортшылар арасындағы 1 шақырымдық еркін әдістегі спринт бәйгелерінің іріктеу кезеңінде Қайрат Қанафин 13-ші орыннан көрінді. Алайда оның нәтижесі келесі кезеңге өтуіне жеткіліксіз болды. 

Естеріңізге сала кетсек, Сочи ХІ қысқы Паралимпиада ойындары 7 наурыз бен 16 наурыз аралығында өтеді. Орын  Мемлекет    Алтын       Күміс       Қола       Барлығы    1 Ресей 12 15 9 36 2 Германия 6 0 0 6 3 Украина 3 3 5 11 4 Австрия 2 2 0 4 5 Словакия 2 1 2 5 5 Жапония 2 1 2 5 7 Франция 2 1 1 4 8 Канада 1 3 4 8 9 Ұлыбритания  1 2 1 4 10 Швеция 1 0 1 2 11 Испания 1 0 0 1 12 АҚШ 0 3 5 8 13 Норвегия 0 1 0 1 13 Финляндия 0 1 0 1 15 Беларуссия 0 0 3 3

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: massaget.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама