Пара дзюдошы Ақмарал Науатбек ерекше мәртебеге ие болды
Алдағы төрт жылда ол есімі алтын түспен жазылған арнайы кимоно киіп күресетін болады. Бұл жағымды жаңалықпен спортшы өзі бөлісіп, әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа кимоносының суретін жариялады.
Еске сала кетейік, Ақмарал Науатбек пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) бақ сынап, Париждегі Паралимпиадада алтын медаль жеңіп алды. Осылайша, ол Қазақстан тарихында пара дзюдодан тұңғыш Паралимпиада чемпионы атанды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!