Пакьяо Мейвезермен қайта жұдырықтасуы мүмкін

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Фото ©️ tn.kz

"Келесі қарсыластың кім болатынын әзірше білмеймін, бірақ біз Флойд Мейвезермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деді Пакьяо. 

Айта кетейік, осыған дейін Пакьяоның рингке келесі жылдың көктемінде оралатыны белгілі болған еді және бұл жекпе-жек оның мансап жолындағы соңғы кездесуі болатыны айтылған. Мейвезер болса қыркүйектегі жекпе-жегінен кейін мансабын аяқтаған, алайда таяуда оның рингке қайта оралатыны, тіпті 2016 жылдың мамырында жұдырықтасатыны жайлы мәлімет тарады. 

Еске салайық, филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо америкалық Флойд Мейвезерден мамыр айында жеңіліп қалған еді. Кездесу Лас-Вегаста MGM Grand аренасында 3 мамыр күні өтті. 12 раундқа созылған жекпе-жекте америкалықтың еншісіндегі WBA, WBC және Пакьяоның қоржынындағы WBO титулдары тігілген еді. Айта кетейік, екі боксшы бұл кездесуде жалпы сомасы 300 миллион доллар қаржы табыс тапты.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама