Озил «Реалдан» кетуінің себебін түсіндірді

О Сансызбай Корреспондент

 «Вердер» сапынан 2010 жылы ауысып келген Месут Озил «Реал» командасында спорттық мансабын жалғастыра беретінін лондондық клубқа ауыспай тұрғанда мәлімдеген-ді. Алайда футболшы соңғы сәтте Арсен Венгер командасының жейдесін киіп, ағылшын премьер-лигасында өнер көрсетуді жөн деп тапты. Мұндай шешім қабылдауының себебін Месут Озил төмендегідей жаймен түсіндіріп отыр.

- Мен соңғы күндері бас бапкер Карло Анчелотти тарапынан және басшылықтан негізгі құрамға мені сенім артып шығармайтынына көзім жетті. Бұл менің «Реалдан» кетуімнің басты себебі болды. Сол сәтте Арсен Венгер де жеке өзіме телефон шалып, «канонирлер» қатарына қосылсаң маған үлкен сенім артатынын жеткізді. Сонымен қатар клубтың болашақтағы жоспарларымен таныстырып, алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Бір шетінен көңілін қалдырғым келмеді. Бірақ, мен үшін ең маңыздысы - бас бапкер маған сенім артқаны. Мен бұл сенімді ақтаймын деп ойлаймын.

«Корольдік клубтың» тегі түрік неміс футболшысын «Арсеналға» сатуын команданың жартылай қорғаушысы Сами Хедира «Реал үшін – бұл футболшыны жоғалту қателік» деп бағалап отыр.  Ал мадридтік жанкүйерлер кеше өткен Гарет Бэйлды таныстыру салтанатында «Озил сатылмайды» деп дауыс көтерген болатын. Мұндай сыйды күтпеген «Реал» президенті Флорентино Перес жанкүйерлерді тыныштыққа шақырған-ды. Алайда команда басшылығы футболшыны құрамда алып қалуды жөн деп санамады. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/hg881kTFGQQ","width":"450","height":"338"});

Естеріңізге сала кететін болсақ, неміс жартылай қорғаушысының «Арсеналға» ауысқаны туралы кеше хабарлаған болатынбыз. Месут Озил 14 қыркүйек күні «Сандерлендке» қарсы кездесуде лондондық команда жейдесін киіп шығады деп күтілуде.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама