Өзбекстандағы қазақ боксшысы кәсіпқой бокстағы дебютін АҚШ-та өткізеді
Қандасымыздың дебюті 6 наурызда Калифорнияда өтетін кәсіпқой бокс кешінде жасалады деп күтіліп отыр. Оның қарсыласы мексикалық Валенсуэла Альвара болмақ. 36 жастағы боксшы кәсіпқой рингте 23 жекпе-жек өткізіп оның 19-да жеңілген екен және тек үшеуінде ғана жеңіске жеткен. Бір жекпе-жегі тең аяқталыпты.
Руслан Абдуллаев болса әуесқой бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы. Сондай-ақ, 2022 жылы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Биыл қаңтар айында Өзбекстан чемпионатында жеңіске жеткен. Ол кәсіпқой боксқа ауысатынын былтыр Париж Олимпиадасындағы сәтсіздігінен кейін мәлімдеген болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз