Өзбекстандағы қазақ балуаны Олимпиадаға жолдама алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ alaman.kz

Қазақстан құрамасы сапында Улан-Баторға 6 балуан аттанған болатын. Олардың үшеуі бүгін жарыс жолына шыққан еді. Алайда отандастарымыз жүлделі орыннан көріне алмады.

66 келіде Мейрамбек Айнақұлов бірінші айналымда үндістандық Равиндер Синхтан жеңілсе, 98 келіде Ерұлан Ысқақов та әзірбайжандық Орхан Нуриевке есе жіберді. 85 келіде Асхат Дінмұхамедов эстон Эрик Эпсты 4:2 есебімен жеңгенімен, екінші айналымда жапон Таиши Окадан 0:2 есебімен жеңілді.

Өзбекстан құрамасы құрамында белдесетін қазақ Ермұрат Тасмұратов 59 келіге дейінгі салмақта Олимпиада жолдамасын иеленді. Ол Лондон Олимпиадасына да қатысқан болатын.

Айта кетейік, Ермұрат күрес әліппесін Шымкент қаласындағы Б. Саттарханов атындағы мектеп-интернатта үйренген.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама