Өзбек чемпиондарын жеңген қазақ балуандары Азия чемпионатының 1/2 финалына шықты
57 килода бақ сынайтын Мейрамбек Қартбай бірінші айналымды бос өткізді. Ширек финалда өзбек чемпионы Нәдір Жұманазаровтан айласын асырды.
Ризабек Айтмұхан алғашқы белдесуінде қырғыз елінің атынан күресетін легионер Андрей Ароновты 6:0 есебімен жеңді. Ал ширек финалда Өзбекстан чемпионы Мақсұд Вейсаловты 11:0 есебімен айқын ұтты.
Өкінішке қарай, Санжар Мұхтар (65 кило), Мейіржан Әшіров (70 кило) пен Азамат Өміржанов (79 кило) жартылай финалға шыға алмады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!