Өтешов пен Қыдырбаев Олимпиадаға қатыспайды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ massaget.kz

Арыстанбек Мұхамедиұлы допинг дауына іліккен спортшыларға қатысты шешім шыққанын хабарлады. Kazinform таратқан ақпарат бойынша, оның бірі 1 жылға, екіншісі 2 жылға спорттан шететілген. Ал халықаралық ауыр атлетика федерациясы ресми мәліметін жариялаған жоқ. 

БАҚ өкілдерінің допингпен ұсталған спортшыларға шара қолданыла ма, деген сауалына жауап берген министр: «Әрине, қолданылады. Біз мұндай дауға іліккен спортшыларды жарыстан алып жатырмыз. Мәселен, бір ауыр атлет қызымыз өмір бойына спорттан шеттетілді. Біз бұған қатаң қарауымыз керек», - деді ол.

Сондай-ақ, Рио Олимпиадасында жүлде алған спортшыларға берілетін сыйақы көлемі өзгеріссіз қалатыны туралы да айта кетті.

- Бірінші орынға 250 мың, екінші орынға 150 мың, үшінші орынға 75 мың доллар сыйақы беріледі. Бұл үкіметтен бөлінетін нақты қаржы. Бұдан бөлек, әрбір федерация мен облыстық ұйымдар спортшыларға құрмет көрсетуі мүмкін», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.  

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама