Осы уақыттың ең танымал спортшысы кім?

Ла Лига Корреспондент

Спортшылар арасында бірінші орынды швейцарлық теннисші Роджер Федерер иеленген (тізімнің 8-сатысында). Оның соңғы жылдардағы табысы $71 миллионды құраған. 

Тізімнің 15-сатысына гольфшы Тайгер Вудс орналасса ($78 миллион), «Майами Хит» сапында NBA чемпионы атанған Леброн Джеймс 16-сатыға жайғасыпты ($60 млн).

Жұлдызды әке Дэвид Бекхэм $47 млн. табысымен тізімнің 19-сатысында тұр. Баскетболшы Коби Брайант $62 миллионымен 24-орында. 

«Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдуға ($44 млн) 31-орын бұйырған болса, Аргентина құрамасы мен "Барселона" командасының ойыншысы Месси ($41 млн) 39-орында тұрақтапты. 

Осы уақыттың ең танымал тұлғалар жүздігіне енген спортшылар:

8. Роджер Федерер ( теннис, жылдық табысы - $71 млн)

15. Тайгер Вудс (гольф, $78 млн)

16. Леброн Джеймс (баскетбол, $60 млн)

19. Дэвид Бекхэм (футбол, $47 млн)

24. Коби Брайант (баскетбол, $62 мл)

31. Криштиану Роналду (футбол, $44 млн)

39. Леонель Месси (футбол, $41 млн)

48. Усейн Болт (жеңіл атлетика, $24 млн)

50. Дрю Бриис (американдық футбол, $51 млн)

51. Рафаэль Надаль (теннис, $26 млн)

52. Фил Микелсон (гольф, $49 млн) 

56. Серена Уильямс (теннис, $20 млн)

62. Мария Шарапова (теннис, $29 млн)

65. Том Бреди (американдық футбол, $38 млн)

78. Мэнни Пакиао (бокс, $34 млн)

88. Флойд Мэйвезер (бокс, $34 млн)

91. Данника Патрик (автоспорт, $15 млн).

сурет:sport.news.am

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама