"Ордабасы" тұңғыш рет ел премьер-лигасының қола жүлдегері атанды
ХХХ турдағы "Астана" мен "Ертіс" арасындағы ойынның қорытындысы бойынша шымкенттік команда үшінші орынға нықтап тұрақтады. Ал павлодарлық команданы 2:1 есебімен "Астана" чемпиондық атаққа жақындай түсті.
Ел премьер-лигасының аяқталуына үш тур қалғанда "Ордабасы" қола жүлдегер атанып отыр. Келер жылы Еуропа лигасында ел намысын қорғайтын болады. Осыған дейін шымкенттік команданың үздік көрсеткіші төртінші орын болып келген.
Айта кетейік, бүгін өткен өзге ойындарда "Оқжетпес" "Таразды" 2:1 есебімен ұтты. Дәл осындай есеп айырмасымен "Шахтер" да "Қайсардан" басым түсті.