«Ордабасы» Еуропа лигасындағы ойындарын қайда өткізеді?
Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның негізі 1967 жылы қаланған. Одан кейінгі аралықта алаң желегі ауыстырылмаған. Күрделі жөндеуден өткенімен, 2011 жылы Еуропа лигасының бастапқы кезеңдеріндегі кездесулерді қабылдауға жарамсыз болып шықты. Нәтижесінде өз ойындарын Алматының орталық стадионында өткізген болатын. Биыл да шымкенттік жанкүйерлерге командасының ойынын өз алаңында тамашалау бұйырмайтын секілді. УЕФА талаптарына сай стадион тым құрығанда жарты бөлігі шатырмен жабылып, заманауи жарық шамдармен жабдықталуы тиіс.
Жаңа маусымды Виктор Кумыков бапкердің тәлімімен бастайтын «Ордабасы» Еуропа лигасының өз алаңындағы ойындарын «Астана-Аренада» өткізетіні жайлы сыбыстар шығуда. Алайда Алматыда өткізер болса шымкенттік жанкүйерлер үшін тиімдірек болар еді.
Сурет: commons.wikimedia.org