Оралда кадеттер мен жасөспірімдер арасында каратеден ел чемпионаты басталды

О Сансызбай Корреспондент

Екі күнге созылатын жарысқа әлем чемпионаты мен Азия чемпионатының жүлдегерлері де қатысады. Олардың қатарында Әмірәлі Дидар мен Алпысбай Қайсар да бар. Сонымен қатар, еліміздің 13 өңірінен келген каратешілер өз бақтарын сынайтын болады.

Каратеден кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты 10 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Жарыстың мақсаты – елімізде бұл спорт түріне жастардың қызығушылығын ояту болып табылады. Одан өзге жарыста жақсы қырымен танылған спортшылар Азия чемпионаты мен Орталық Азия елдерінің біріншілігіне қатысуға мүмкіндік алады.  

Сурет: sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама