Оңтүстіктік дербиде «Ордабасы» жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент

Виктор Кумыков жаттықтыратын «Ордабасы» бірінші минуттардан-ақ қарсыластарына қысым түсіре білді. Өз кезегінде «Тараз» ойыншылары да аянып қалған жоқ. Бірақ, бірінші таймда есеп ашылмады. Екінші таймды екі ұжым да ширақ бастады. 52-минутта қонақтар қорғаушылары қателігінен кейін Еркебұлан Тұңғышбаев кездесудегі есепті ашты. Нәтижесінде бұл есепке ойын соңына дейін өзгеріс енбеді.

Айта кетейік, шымкенттік ұжым V тур қорытындысы бойынша әлі жеңілістің ащы дәмін татып көрген жоқ. 3 ойында жеңіске жетіп, 2 кездесуді тең аяқтады. Ал Евгений Яровенко баптайтын «Тараз» 1 рет жеңіске жетіп, 1 ойынды тең аяқтап, 3 кездесуде жеңіліс тапты. 

Сурет: sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама