Оңтүстік Кореядағы әлем чемпионатында ескі Әнұранымыз шырқалды (видео)

О Сансызбай Корреспондент

Ең жеңіл салмақта алтын медальға қол жеткізген жерлесіміз жайлы осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Ал Назым Қызайбайды марапаттау рәсімінде еліміздің ескі Әнұраны шырқалды. Боксшы мен жанкүйерлердің де абдырып қалғанын жүздерінен байқауға болады. Келеңсіз жағдайға кім кінәлі екенін тап басып айту қиын. Ұйымдастырушылар тарапынан кеткен қате деп те қарауға болар. Бірақ, ел құрамасын бастап барған жетекші де жарыс алдында қадағалаудан өткізуі керек емес пе? Өйткені, ел спорты тарихында дәл мұндай жағдай алғаш рет орын алып отырған жоқ. Осыған дейін Италияның Верона қаласында волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты мен Мәскеудегі «ЦСКА» мен «Барыс» арасындағы кездесуде де ескі Әнұранымыз шырқалған еді.

Айта кетейік, Чеджудағы әлем чемпионатында Назымнан өзге Ләззат Күнгейбаева күміс медаль жеңіп алды. Ал осыған дейін белгілі болғандай, 2016 жылғы байрақты бәсеке Астана қаласында өтеді.  

Сурет: өңделген

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама