Олжас жеңіп, Закир жеңілді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

52 келі салмақ дәрежесінде Олжас Сәттібаев Азия чемпионы атанды. Отандасымыз финалда өзбек боксшысы Шахобидин Зойровты 3:0 есебімен жеңді. Қарсыласының осал тұсын сәтті пайдалана білген Олжас Сәттібаев ширақ өнер көрсетті.

60 келіге дейінгі салмақта финалға шыққан Закир Сафиуллин күміс жүлдені қанағат тұтты. «Astana Arlans» клубының боксшысы барын сала жұдырықтасқанмен, төрешілер моңғол Дорьнямбуу Отгондалайды жеңімпаз ретінде таныды.

Алдағы уақытта Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко мен Василий Левит алтынға таласатын болады. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама