Пхенчхандағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының басталуына 10 күн қалды. Төрткүл дүние асыға күткен төртжылдықтың басты додасына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды. Бұл туралы ҚР ҰОК хабарлады. Қазіргі таңда қазақстандық спортшылар 9 спорт түрінен 57 олимпиадалық лицензия иеленген. Ең көп жолдама биатлоннан бұйырды. Қысқы додаға Қазақстан құрамасы сапында 10 спортшы (5 ер, 5 әйел) қатысады. Атап айтар болсақ,Василий Подкорытов, Максим Браун, Владислав Витенко, Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, Алина Райкова, Дарья Климина, Галина Вишневская, Ольга ПолторанинажәнеЕлизавета Бельченкоқатысады. Олимпиадада биатлоннан спринт, ізге түсу, жекелей сайыс, масс-старт, аралас эстафета және эстафета сындары өтеді. Фристайлдан ел намысын9 спортшы қорғайды(үш ер, алты әйел). Могул сайысындаДмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Юлия ГалышеважәнеАяулым Әміреноваөнер көрсетеді.Акробатикадажарыс жолынаМаржан Ақжігіт, Жанбота Алдабергенова, Аяна Жолдас, Ақмаржан ҚалмұрзаеважәнеИльдар Бадрутдиновшығады. Шаңғы жарысындажетіспортшымыз тізімге ілінді(төрт ер, үш әйел).Алексей Полторанин, Денис Волотка, Евгений Величко, Виталий Пухкало, Валерия Тюленева, Анна ШевченкоменЕлена КоломинаПхенчханда медальға таласады. Шорт-тректен Қазақстан құрамасыжетіспортшыны Олимпиадаға алып барады (бес ер, екі әйел). Олар -Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов, Мерсаид Жақсыбаев, Анастасия КрестоваменА Йонг Ким. Коньки тебуден Каннындағы мұз айдынғаалтыспортшымыз шығады (бес ер, бір әйел). Бұл спорт түрінен ел намысын мына спортшылар қорғайды:Роман Креч(500, 1000 м),Станислав Палкин(500, 1000, 1500 м),Артем Крикунов(500 м),Федор Мезенцев(1000, 1500 м, масс-старт),Денис Кузин(1000, 1500 м) жәнеЕкатерина Айдова(500, 1000, 1500 м). Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандықүшспортшымыз сайысқа түседі(бір ер, екі әйел).Денис Тен, Элизабет ТұрсынбаеваменАйза Имамбекөз өнерлерін паш етпек. Тау-шаңғы спортынан Қазақстанекіспортшыны тіркеді(ер, әйел). ОларИгорь ЗакурдаевпенМария Григорьева. Шана спорты мен трамплиннен секіруденекіспортшымыз өнер көрсетеді. Ел намысын ПхенчхандаНикита Копыренко(шана спорты) менСергей Ткаченко(трамплиннен секіру) қорғамақ. Естеріңізге сала кетсек, Пхенчхандағы қысқа Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанатында ел туын шорт-трекшіАбзал Әжғалиевұстап шығады.