Олимпиада жүлдегерлері алған сыйақыларын кері қайтармайды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ tengrinews.kz

- Жағдай осылай болып қалды. Не істеуге болады? Көнуге тура келеді. Ал олардың алған сыйақылары мен пәтерлерін кері қайтару туралы заң нормасы жоқ. Яғни спортшы допингпен ұсталғаннан кейін оның оған дейін алған сыйақыларын кері қайтара алмаймыз, - деді вице-министр.

Осыған дейін Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Майя Манеза Олимпиада медальдарын кері қайтаратын болған еді. Сондай-ақ, кеше балуан Теймураз Тигиевтің допинг қолдануына байланысты Бейжің Олимпиадасындағы күміс жүлдесінен айырған еді.

Алдағы уақытта ХОК қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Алмас Өтешов, Владимир Седов, Мария Грабовецкая мен Ирина Некрасоваға қатысты шешімін шығаратын болады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама