Олимпиада жүлдегері Нариман Құрбанов Аида Бауыржановаға қашан үйленетінін айтты
Нариман Құрбанов Олимпиадада сәтті өнер көрсеткеннен кейін Аида Бауыржановамен бірге өмірінің жаңа тарауына қадам басуды жоспарлап отырғанын айтты.
"Қыркүйек - бір-бірімізге көбірек көңіл бөліп, өміріміздің жаңа тарауын бастайтын уақыт", - деді спортшы.
Нариман Аидамен қарым-қатынасы 2018 жылы жаттығу кезінде танысқан кезде басталғанын айтты. Содан бері олар бір-бірінен ажырамай, спорт шыңдарын бірге бағындырып, берік қарым-қатынас та орнатқан.
"Аида екеуміз 2018 жылы таныстық, содан бері ажыраған емеспіз. Сүйіктім Аида да гимнаст және спорт әлеміндегі шыңдарды бірге бағындырамыз", - деді гимнаст.
Спортшының және гимнастика жанкүйерлері болашақ жұпты құттықтап, оларға бақыт пен махаббат тіледі.
Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығудың ақтық сынында сәтті өнер көрсетіп, екінші орынды жеңіп алды. Құрбанов Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысты. Айта кетейік, оның медалі Қазақстан тарихындағы спорттық гимнастикадан алған алғашқы жүлде болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!