Дүйсенбі күні Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында 7 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Назарларыңызға 12 ақпан күні сынға түсетін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз. Қысқы Олимпиада ойындары алдында Қазақстан құрамасы сапында жүлдеден басты үмітті спортшылардың бірі деп Дмитрий Рейхерд есімі аталған. Gracenote мен АР спорт сарапшылары да осы спортшы қола жүлде алады деп болжаған-ды. Фристайлдың могул сайысынан сынға түсетін отандасымыз бірінші іріктеу кезеңінде үшінші орынмен финалдық кезеңге өтті. Дүйсенбіде отандасымыз жүлдеге таласатын болады. Сондай-ақ 12 ақпанда жарыс жолына шығатын өзге де спортшыларымызға сәттілік тілейміз! Спорт түрі: Тау шаңғысы. Алып слалом. Бірінші іріктеу. Әйелдер Қатысушы:Мария Григорова Басталуы:Астана уақытымен сағат 07:15-те басталады Тікелей эфир: QAZSPORT Спорт түрі: Тау шаңғысы. Алып слалом. Екінші іріктеу. Әйелдер Қатысушы:Мария Григорова Басталуы:Астана уақытымен сағат 10:45-те басталады Тікелей эфир:Хабар Спорт түрі: Биатлон. Із қуа жарысу (10 км). Әйелдер Қатысушылар:Галина Вишневская,Ольга Полторанина, Алина Райкова, Дарья Климина Басталуы:Астана уақытымен сағат 16:10-да басталады Тікелей эфир: QAZSPORT Спорт түрі: Биатлон. Із қуа жарысу (12,5 км). Ерлер Қатысушылар:Максим Браун, Василий Подкорытов, Роман Еремин, Владислав Витенко Басталуы:Астана уақытымен сағат 18:00-де Тікелей эфир: QAZSPORT Спорт түрі: Фристайл. Могул. Финал. Ерлер Қатысушылар:Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков Басталуы: Астана уақытымен сағат 18:00-де Тікелей эфир:Қазақстан Спорт түрі: Коньки. 1 500 метр. Әйелдер Қатысушы:Екатерина Айдова Басталуы:Астана уақытымен сағат 18:30-да Айта кетейік, жексенбіде фристайлшы Юлия Галышева Қазақстан құрамасы қоржынына қола жүлде салды. Осыған дейін бұл спорт түрінен Олимпиадада қазақстандық спортшылар жүлделі орыннан көрінбеген. Екі күннің қорытындысы бойынша 3 алтын 1 қола медаль еншілеген Германия құрамасы көш бастап келеді. Екінші орында Нидерланд елінің спортшылары тұр. Олар 2 алтын 2 күміс 1 қола алған. Үздік үштікті норвегтер түйіндеуде. Олардың еншісінде 1 алтын 4 күміс 3 қола медаль бар. Қазақстан құрамасы 1 қола медальмен 11-орында тұр.