Ольга Шишигина астаналық студенттерге дәріс оқиды
Қазақстан халқы Ассемблеясының мерекелік жылына орайластырылған шараның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, Қазақстанда спорттың дамуы мен оны насихаттау арқылы ұлттық рухты нығайту, жастарды спортпен шұғылдануға тарту.
Cондай-ақ кездесу барысында қазіргі кездегі этникааралық және дінаралық толеранттылық мәселелері, Қазақстандағы полиэтникалық қауымның қалыптасу жолы, мемлекеттік саясаттың этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынастың негізгі бағыттары да сөз болады деп күтілуде.
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ұйымдастырып отырған шараға Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттар және докторанаттар қатысады.
сурет: yvimg.kz