Ольга Рыпакова Қазақстан азаматтығын алған кениялықтар жайлы пікір білдірді

Аслан Қажиев Корреспондент
Фото ©️ vesti

Олимпиада чемпионы қара құрлықтан келген спортшылар Қазақстан жеңіл атлетикасының алға басуына септігін тигізетінін алға тартты.

«2018 жылдың желтоқсанында кениялық төрт спортшы мен олардың бапкері Қазақстан азаматтығын қабылдады. 2019 жылдың қаңтарынан бастап аталған спортшылар Шығыс Қазақстан облысының құрамасы мен «Алтай Атлетикс» клубының намысын қорғайды.

Еліміздегі жеңіл атлетиканың дамуына бей-жай қарамайтындықтан, кениялық спортшылардың келуі оң әсер беретінін айтқым келеді.  Бұл әлемде бар тәжірибе. Қазақстан үшін де таңсық емес. Елімізге 2005 жылдан бері шетелдік спортшылар шақырылуда.

Қазақстан туының астында өнер көрсететін Кения спортшылары әлемдік жарыстарда жүлдеге ілігіп жүр. Осылайша, біз әлемдік жеңіл атлетикада айтарлықтай имидж қалыптастырамыз. Кениялық желаяқтар өз тәжірибелері мен техникасын біздің спортшыларға үйретіп, жастарға жол көрсетініне, шеберлік сабақтарын өткізеріне сенімім мол.

Одан бөлек, спортшылар ішкі біріншіліктегі бәсекелестікті арттыра түседі.  Спортшылар өз еріктерімен ҚР азаматтығын қабылдады. Жақсы нәтиже көрсетуге талпынған адам ретінде мұндай әріптестерім барына қуанамын», - дейді Рыпакова.

Еске сала кетейік, Қазақстан азаматтығын алған Нора Джеруто, Каролин Кипкируи, Дэйзи Джэпкимэй, Шэдрака Коэча және бапкер әрі менеджер қызметін атқарып жүрген Кеннет Ротич сынды спортшылар Қазақстандағы өз жаттығуларын бастап кетті.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама