Ольга Рыпакова Ашхабадтағы Азия ойындарында екінші алтынын алды
Үш қарғып секіруде Ольганың үздік көрсеткіші 14,32 метр болды. Мария болса 13,21 метрге қарғып, күміс медальға ие болды. Үшінші орынды қытайлық спортшы Тан Кичжао жеңіп алды.
Ольга Рыпакова Ашхабадта екінші алтын медальға қол жеткізіп отыр. Кеше ұзындыққа секіруде де отандасымыз жеңімпаз атанған еді.
Қазақстандық жеңіл атлеттер Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарында сәтті өнер көрсетуде. Бүгін Ольгадан өзге әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде Элина Михина мен 60 метрге жүгірген спринтерлер сайысында Виктория Зябкина алтын алды. Қазақстан қоржынына түскен 6 алтын медальды да жеңіл атлеттер жеңіп отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 6 алтын 5 күміс 10 қола медальмен жалпыкомандалық есепте үшінші орында келеді.
Жабық кешендегі Азия ойындары. Ашхабад, Түркіменстан.
Жеңіл атлетика. Үш қарғып секіру, әйелдер. Финал
1. Ольга Рыпакова (Қазақстан) – 14,32 м
2. Мария Овчинникова (Қазақстан) – 13,21 м
3. Тан Кичжао (Қытай) – 13, 10 м.
Жеңіл атлетика. 400 метрге жүгіру, әйелдер. Финал:
1. Элина МИХИНА – 55,46 с
2. Тхи Ханг Нгуен (Вьетнам) – 54, 41 с
3. Атчима Энг-Чуан (Тайланд) – 54,45 с
Жеңіл атлетика. 60 метрге жүгіру, әйелдер. Финал
1. Виктория Зябкина (Қазақстан) – 7,32 с
2. Ле Ту Чин (Вьетнам) – 7,36 с
3. Ольга Сафронова (Қазақстан) – 7,43 с.