“Олар қателікті кешірмеді“. Игита Қазақстан құрамасының ойсырай жеңілуі жайлы
Ташкентте өткен матч 1:6 есебімен аргентиналықтар пайдасына аяқталды.
"Бірінші тайм жақсы ойнадық, ұтымды сәттер болды, ойын қарқынды өтті. Екіншісінде олар қателікті кешірмеді. Мұндай тәжірибелі команда қателікті кешірмейді.
Бірінші гол. Әрине, қорғаныста қателік болды. Кім қателеспейді? Қорғаныс босаңсыған кезде олар қақпаға тепті, тайқып барып кірді. Екінші голда Шыңғыс маған пас бермек еді, бірақ доп штангаға тиді де, ары қарай қарсылас сәтті пайдаланды.
Үшінші голдан кейін өзімізді жоғалтып алдық. Ондай болып тұрады. Біз жеңіске жетуді ойлап, кей кезде шыдамдылық жетпей, асықтық. Оңтайлы сәттерді пайдалана алмадық. Енді клубтарымызға оралып, Қазақстан чемпионатында ойнаймыз. Осы маусым қызықты болады", – дейді Игита.