Өкінішті: "Шахтер" "Селтикке" есе жіберді (видео)

Қарлыға Бүйенбай Корреспондент

Күтілгендей-ақ, алаңға шыға салысымен "Селтик" клубының ойыншылары бар күшімен шабуыл жасай бастады. Дегенмен, Қарағандылық команда сәтті қорғана білді. Леннонның шәкірттері алғашқы минутта-ақ екі бірдей доп соғатын мүмкіндігі бола тұра Мокинді айналып өте алмады. Ойынның үлкен қысыммен басталғанын отандық клубтың қақпасына төнген үш бірдей айып соққысы айғақтасын. Осының арты Александр Симчевичтың Самарасты жығып, кейін сары қағаз алуына әкеп тіреді. Бірінші сары қағаз 18 минутта-ақ көрсетілді.

Сергей Хижниченко мен Роджер Каньястың соққылары нәтиже әкелмей Кумыковтың жүйкесін тым мазалаған да шақтар болды. Ал Нил Леннон әрбір сәтсіздік сайын қолын сермеп, ызасын жасыра алмай дал болған сәттердің де көбейгенін көрдік. Норвегиялық қазы Свейн Оддвар Моэнге көп тер төгуге тура келгенін де айта кетейік. Өз кезегінде шотландық клубтың айқын басымдылығын мойындағанымыз абзал. Түсініксіз жағдайда Роджер Каньяс сары қағаз алды. Бұлай дейтініміз, "Шахтердің" екі бірдей футболшысы құлап жатқанда да қазылар көзге ілмей, 39 минутта тұсауы кесілмеген баладай құлай берген Самарасқа қарсы ойын ережесін бұзды деген айыппен Вичюске сары қағаз берді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/CYBl_gsw8fY","width":"450","height":"338"});

Бұдан кейін алаңның орта тұсында Самарастан пас алған Коммонс Мокин қақпасынан саңылау таба білді. Гол қосымша 2-минутта соғылды. Бірінші тайм бойынша, допқа иелік ету көрсеткіші: 65%-35%

Екінші тайм басталысымен-ақ, 48 минутта қарсылас команданың 4-ші нөмірлі сұрмергені Самарас «Шахтер» қақпасына екінші голды салып үлгерді. Сол бойда Александр Симчевич айып алаңы сыртынан керемет соққы жасады. Дегенмен, Фрейзер Форстер өз орнында, оның үстіне Сергей Хижиченко офсайдта қалып қойды.

Дәл осылай, екінші таймның басында-ақ Леннонның жоспары жүзеге асқанын айтайық. Кельттердің үмітін сөндіруге бір ғана гол жеткілікті болып тұрғанын ескерген қонақтар барын салды. Десе де Энтони Стоукс қақпамыздың беріктігін тексеріп те қойды. Бұл 61-ші минут болатын. Дәл сол минутта бұрыштама доп көтерілген соң Алдин Джидич баспен соққы жасаған болатын, мұнда да сәтзсіздік, «Селтик» қорғаушысы қақпашының қателігін түзеп бақты, тағы бір жағдайда доп қақпа бағанасынан кері қайтты. Екінші таймның орта тұсына қарай «Шахтер» қарсылас алаңында өзін еркін сезіне бастаған, кейін екі жақтың да ойыны теңесе түскендей болды. Джозеф Ледли Роджер Каньястың бастаған қарымта шабуылын тоқтатқаны үшін сары қағаз алып тынды. 79 минутта Крис Коммонстың орнына жас футболшы Дерк Бурригтер кірді.

«Шахтер» болса бұл уақытта еш ойыншы ауыстырмаса да тактикалық өзгерістер енгізді. Кейін 83 минутта бірер уақыт бұрын жарақат алған Андрей Финонченконың орнына Игорь Зенькович алаңға кірді. Дәл осы есептің еш командаға да керек емес екенін білген қарсыластар ойын жылдамдығын үдете бастаған. Зенькович алаңға кіре салысымен-ақ сары қағаз алып үлгерді, расында да, оның тайғанап барып тепкені доп емес, Крис Коммонстың тобық бөлігі еді. Негізгі уақыт аяқталған соң төреші 4 минут қосты. Дәл осы жерде Форест қарағандылық команданың 5 қорғаушысын артта қалдырып, гол соқты. Вирджил ван Дейк Форрестты ауыстырып, уақыт соза да білді. Нил Леннонның балаша қуанып жүгіруінің өзі де «Шахтердің» кереметтей деңгейге көтеріле алатындығын дәлелдеп-ақ берді.

Бұрыштама доп саны 11-3 

Голдар: Коммонс, 45+1 (1:0), Самарас, 48 (2:0), Форрест, 90+2 (3:0).

Естеріңізге сала кетсек, тілкелей эфирде кездесуді КТК арнасы берген болатын.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Getty Images©

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама