«Оқжетпес» төрт ойыншысымен келісімшартын үзді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Алдағы турлардан бастап Марат Хайруллин, Әлібек Бөлешов, Антон Чичулин мен Александр Кислицын команда сапында өнер көрсетпейтін болады. Ойыншы мен клуб басшылығы екіжақты мәміле бойынша келісімшартты үзген.

- Біз команда намысын қорғаған ойыншыларға алғысымызды білдіреміз. Спорттық мансаптарына сәттілік тілейміз, - деп жазды ресми хабарламада.

Айта кетейік, «Оқжетпес» премьер-лиганың алғашқы алтылығында. Үздік үштікке кіру мүмкіндігі бар. ХХХ турдағы ойынын сырт алаңда 2 қазан күні «Астанаға» қарсы өткізеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама