"Оған мұнда келмеген жөн". Қуат Хамитов ресейлік атақты спортшыға үн қатты
"Жол бойы Екатренбор тарихын оқып келдім. 5 мамыр тарихында ешқашан мұндай ауа райы болмапты: бұл Александр Шлеменко үшін жаман белгі. Оған мұнда келіп керегі жоқ. Осында ұшқанымда үлкен өзгерістер басталды - жаңбыр, қар. Ертең жер сілкініп жүрмегей әйтеу. Александрға мұнда келмеген жөн.
Оны ақылмен жеңемін: мен әккімін, ақылдымын. Осынша көп жекпе-жек өткізген қарсыластар кездескенде физикалық күш пен шыдамдылық арқасында жеңбейді. Оған интелект арқылы жетеді.
Мен Шлеменкодан ақылдырақпын. Қорқыныш кетеді де өне-бойың басқаша қимылдайды. Спаррингтің соңғы күндері басқа адамға айналдым. Қазір Шлеменкоға жемтігін көрген жыртқыштай қараймын", - деп береді Қуаттың сөзін RCC лигасының баспасөз қызметі.