Нұрсұлтан Рахатов Азияның күміс жүлдегері

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент

69 келіде сынға түскен Надежда Ногай жұлқа көтеруде 105 келіні бағындырды. Ал серпе көтеруде 120 келіні бірінші мүмкіндігінде көтеріп, бірден алтын жүлдені иеленді. Алтынның тағдыры шешіліп қойғандықтан, спортшымыз қалған екі мүмкіндігіне шыққан жоқ. Бұл салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық Татьяна Капустина қола жүлдеге ие болды.

Ал биылғы ересектер арасындағы Азия чемпионатының күмісін алған Нұрсұлтан Рахатов жасөспірімдер арасындағы сыннан да күміс олжалады. Ол серпе көтеруде 145 келіні еңсерсе, жұлқа көтеруде 176 келіні бойынан асырды. Дегенмен, қызылордалық жігіттің Азия біріншілігінде топ жаруы үшін бұл салмақ жетпеді. Ол жеңімпаз атанған оңтүстік кореялық жігіттен 9 келі қалып қойды.

Нұрұлтан Рахатов бүгін таңертең елімізге оралды. Біз Нұрсұлтанды күміс жүлдесімен құттықтап, әңгімеге тарттық.

«Азия біріншілігіне дайындығым дұрыс болмады. Дегенмен күміске де қанағат. Жалпы мен Мьянмаға барғанымда шамалы ауырып қалдым. Сондықтан да біршама физикалық күшімнен айырылдым. Сонымен қатар, Мьянма елінің тамағы көңілімізден шықпады. Тым ащы екен. Біз ондай тамақ жеп үйренбедік қой! Ал өзімізбен бірге онда «қазақы» тамақтарды алып баруға рұқсат етпеді. Сондықтан азиялық қарсыластарымыздың алдында шамалы болса да тамақ жағы қиын болды. Бірнеше салмақ дәрежесіндегі зілтеміршілер жарысы аяқталып, елге оралдық. Ал қалған жігіттер бүгін-ертең жарысқа шығады. Олар 14-не бас бапкер Бақыт Ахметовпен келу керек. Достарымның барлығына сәттілік тілеймін», - дейді Нұрсұлтан Рахатов.

Айта кетейік, Мьянмада өтіп жатқан жастар арасындағы жарыста 85 келідегі өнер көрсететін Сергей Линдер де күміс жүлдеге қол созды – 285 (130+155). Бұл салмақтың алтыны  310 келі көтерген Чен Риоянгтың еншісінде.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: alasharena.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама