Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлікХабиб Нурмагомедовпен ирландиялық спортшыКонор МакГрегор6 қазан күні өзара жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады. Екі спортшы UFC 229 жекпе-жек кешінің басты кездесуінде жолығады. Бұл кеш Вегас Голден Найтс хоккей командасының стадионында өтеді. Хабиб Нурмагомедов жеңіл салмақта чемпиондық атағын алғаш рет қорғайтын болады. Ресейлік спортшы кәсіпқой мансабында 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Конор МакГрегор 2016 жылдан бері UFC жарыстарына қатысқан жоқ. Оған дейін 21 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте ұтылған.