Нұр-Сұлтанда 31 жастағы әйел 16-қабаттан секіріп кетті
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 15 маусым күні "102" нөміріне Е-753 көшесіндегі үйдің ауласында мәйіт табылғаны туралы ақпарат түскен.
"Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол елорданың 31 жастағы тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.
Полиция марқұмның 16-қабаттан секіріп кеткенін нақтылады. Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.