Інісі ағасынан озып тұр: FIFA мен Futsal World рейтингі жаңарды

Massaget Корреспондент
Фото ©️ massaget.kz, kff.kz

Алғашқы ондықтағы құрамалар рейтингінде  өзгеріс бола қойған жоқ.

 FIFA рейтингі.

1 (1). Бельгия – 1727 ұпай,

2 (2). Франция – 1726,

3 (3). Бразилия – 1676,

4 (4). Хорватия – 1634,

5 (5). Англия – 1631,

6 (7). Португалия – 1614,

7 (6). Уругвай – 1609,

8 (8). Швейцария – 1599,

9 (9). Испания – 1591,

10 (10). Дания – 1589…

Жақша ішіндегі өткен айдағы нәтижелері

ТМД елдері арасынан үздік нәтижені Украина құрамасы көрсетіп тұр. Олар 30-сатыға жайғасқан. Ал көрші Өзбекстан (89) мен Қырғызстан (95) құрамалары алғашқы жүздіктен орын алған.

Ұлттық құрамамыз қаңтар мен ақпан айларында ойын өткізбесе де біршама өзгерістер болды. Құраманы бір жылға жуық тізгіндеген Станимир Стоилов қызметінен кетіп, орнына чех маманы Михал Билек келді. 53 жастағы бапкер «Картахинес» (Коста-Рика), «Хмел», «Виктория Плзень», «Спарта Прага», «Высочина»,  «Теплице», «Фастав Злин» (барлығы - Чехия), «Ружомберок» («Словакия»), «Динамо Тбилиси» (Грузия) футбол клубтарын жаттықтырған. 

ФИФА рейтингі 1993 жылдан бері түзіліп келеді. Сол арқылы ұлттық құрамалардың өсу деңгейін, көрсетіп келе жатқан нәтижелерін бағамдауға болады. 2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатынан кейін рейтинг ұпайын есептеу жүйесіне арнайы өзгертулер енгізілді.

Ал футзалдан ұлттық құрамамыз жарап тұр. Futsal World Ranking ұйымы жаңартқан рейтингіде Қазақстан құрамасы өз орнын сақтап қалды. Осылайша, Қазақстан әлемнің үздік он құрамасының қатарына еніп отыр.

Біздің құрама ақпан айында Хорватиямен екі жолдастық матч өткізген болатын. Алғашқы ойында Шыңғыс Есенаманов пен Біржан Оразов соққан қос голдың арқасында жеңіске жетсе, екінші кездесуде есеп ашылған жоқ.

Futsal World рейтингі:

1. Бразилия - 1901

2. Испания - 1781

3-4. Иран - 1663

3-4. Аргентина - 1663

5. Ресей - 1661

6. Португалия - 1652

7. Қазақстан - 1540

8. Италия - 1521

9. Украина - 1488

10. Парагвай - 1468

Айбар Рысдәулет

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама