Неймардан анемия табылды

Ла Лига Корреспондент

Аталған ауру түрінің туындауына басты себеп - қан құрамындағы гемоглобиннің аздығы. Оның салдары физикалық әлсіздік пен өзге де себептерден көрінеді екен. Ендігі таңда бразилиялық ойыншыны Азиядағы жаттығу күндерінде ("Барселона" командасының маусым алдындағы соңғы дайындығы) ем күтіп тұр. 

Бір қуантарлығы, қаназдық Неймардың алаңға шығып, өнер көрсетуіне еш бөгет келтірмесе керек-ті. Сол себепті, Азия төрінде ойнап қалуы әбден мүмкін. Есіңізде болар, ертеректе (маусымның алғашқы күндерінде) Неймар бадамша безін (миндалина) сәтті алдырып тастаған болатын. Ота жасату сәтті аяқталған-ды.

сурет:rg.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама