Неймар соққан голын Коби Брайант рухына арнады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ The Sun

Бразилиялық футболшы 52 минутта пенальтиді сәтті орындап, саусағымен 24 санын көрсетті. Қаза болған атақты баскетболшы "Лос-Анджелес Лейкерс" клубында дәл осы нөмірмен ойнаған еді.

- Ойындағы үзіліс кезінде әлеуметтік желіден келген хаттарды оқып отырғанмын. Кенет Кобидің көз жұмғаны жайлы ақпарды оқыдым. Бұл – баскетбол жанкүйерлері үшін ғана емес, әлем спорты үшін ауыр қайғы. Оның спортқа сіңірген еңбегі орасан. Мен оны таныдым. Осылай құрмет білдіруді парызым деп санадым, - дейді Неймар.

Әйгілі баскетболшы тікұшақ апатынан қаза болды. Бортта 13 жасар қызы мен өзге тағы 7 адам болған. Тірі қалғандар жоқ. Ал тікұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталуда.

Неймар гол соққан ойында ПСЖ "Лилльді" 2:0 есебімен ұтты. Екі голды бразилиялық футболшы өз еншісіне жазды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама