Неймар Роналдудың «Алтын допқа» лайықты екенін айтты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

- Криштиану Роналду «Алтын допқа» лайықты. Ол өзінің клубы мен Португалия құрамасының чемпион атануына көп көмегін тигізді. Мен де «Алтын допты» алғым келеді. Бірақ биыл бұл жетістік бұйыра қоймайтын секілді, - деді бразилиялық шабуылшы.

Айта кетейік, биыл Криштиану Роналду «Реал» сапында Чемпиондар лигасында, ұлттық құрамамен алғаш рет Еуропа чемпионы атағын жеңіп алды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама