Неймар - Еуропа жасыл алаңдарының жарық жұлдызы

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

Sambafoot.com порталы жүргізген сауалнамаға Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншылары, журналистер және сайт оқырмандары қатысқан. 

Сауалнама нәтижесі бойынша, 29% дауыспен Неймар көш бастаса, мадридтік "Атлетико" командасының қорғаушысы Миранда (16%) екінші орынға ие болды. Үздік үштікті Түркияның "Галатасарай" клубында өнер көрсететін Фелипе Мело (16%) түйіндеді. 

Төртінші орынды ресейлік "Анжи" командасының бұрынғы ойыншысы, "Челсидің" жартылай қорғаушысы Виллиан иеленді. Сондай-ақ, бұл тізімде Ресейдің "Зенит" командасында доп тебетін Халк пен ЦСКА-ның қорғаушысы Марио Фернандестің де аты аталды. Олар екеуі де 1% дауыс жинаған.

Сурет: youtube.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама