Неймар "Эль-Класикоға" қатыспайды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ rsport.ru

ХХХІ турда "Барселона" "Малагаға" 2:0 есебімен ұтылған болатын. Сол ойында Неймар екі сары қағаз алып, алаңнан қуылған-ды. Футболшы стадионнан шығар сәтте төрешілер шешіміне наразылығын танытып, өзінше қошеметін көрсеткен еді. Осы бір қылығы үшін ла лиганың тәртіптік кеңесі футболшының үш ойынға қатыспауы туралы шешім шығарды.

Неймар "Барселонаның" алдағы "Реал Сосьедад" (15 сәуір), "Реал" (23 сәуір) мен "Осасуна" (26 сәуір) командаларына қарсы кездесуіне қатыспайды.

Айта кетейік, Неймар осы маусымдағы Испания чемпионатында 26 ойынға қатысып, 9 гол, 9 нәтижелі пас берген. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама