Неймар - Бразилияның жыл футболшысы!

Ла Лига Корреспондент

Олимпиада комитеті "2012 жылғы Бразилияның ең үздік спортшысы" деген атаққа лайық ел саңлақтарын іріктеп шығарды. Әр спорттың бір-бір жүйрігі таңдап алынды. Сол қатарда "Футбол" категориясы бойынша Неймар оза шауып шыққан.

Жақын күндері спорттағы жыл мықтысын, ел мықтысын анықтау үшін дауыс беру өтеді.

Айта кететін болсақ, марапаттау рәсімі 18 желтоқсан күні Рио-де-Жанейро қаласында болатын болды.

Естеріңізге сала кетсек, Неймар ұлттық құраманың сапында Лондондағы Олимпиада ойындарына қатысып, командаластарымен бір қатарда күміс жүлдені олжалаған еді.

сурет:123people.com

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама