Неймар 300-голын соққан ойында жарақат алды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ elfaromx.com

2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Бразилия құрамасы өз алаңында Боливиямен кездесті. Кездесудің 65 минутында Неймар боливиялық қорғаушы Ясмани Дукқа қарсы допқа таласта жарақат алып қалды. Қорғаушының шынтағы бразилиялық ойыншының қабағына тиіп, бетін қан жуды. Нәтижесінде дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, футболшының ойынды жалғастыруына қарсы болды. Әзірге жарақатына байланысты қанша уақыт алаңға шыға алмайтыны белгісіз.


Боливия құрамасына қарсы ойында 24 жастағы Неймар спорттық мансабындағы 300-голын соқты. Ол «Сантос» сапында - 138 гол, «Барселона» құрамында – 95, Бразилия жастар құрамасында – 18, ересектер құрамасында 49 гол соққан.

Неймар ұлттық құрама сапындағы 49-голын соғу арқылы команда тарихындағы ең үздік сұрмергендер көшінде Зиконы басып озды. Ол енді Пеле (77 гол), Роналдо (62 гол) және Ромариодан (55 гол) кейін төртінші орында келеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама