Назым Қызайбай бес дүркін әлем чемпионын жеңе алмады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

51 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан боксшылар жекпе-жегінде төрешілер 1:2 (27:30, 30:27, 27:30) есебімен үндістандық Мэри Комды жеңімпаз ретінде таныды.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатқан Назым Ишанова бірінші айналымда тонголық Фифита Пуекиді 3:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Енді ол осы салмақтың үздігі саналып отырған қытайлық Жинхуа Юнмен кездеседі.

Бүгін ерлер арасында Жәнібек Әлімханұлы да жарыс жолына шықты. Ол жапон боксшысы Макато Такахашиді айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, кеше Дариға Шакимова мен Абылайхан Жүсіпов бірінші кездесулерінде жеңіске жеткен болатын.  

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама