Египеттің ұлттық құрамасын алға сүйреп, соңғы минутта гол салып, құраманы Әлем чемпионатына шығарған Мұхаммед Салах халықтың ықыласына бөленген. Елдегі Президент сайлауы кезінде көпшілік Салахтың кандидат болмағанына қарамастан, бюлетеннің төменгі жағына оның аты-жөнін қаламмен жазып, дауыс берген. Дауыс берушілердің саны 1,5 миллион адам. Бірақ, олардың бюлетені жарамсыз деп танылыпты. Бүгінде Ағылшын Премьер-Лигасындағы Ливерпульдің намысын қорғайтын Египет елінің футболшысы Салах биылғы маусымын керемет қарқынмен бастады. Бүгінде ол 41 кездесуде 37 гол соққан. Қақпаға гол салудан бөлек, керемет техникалық шеберліктерімен де көпшілікті таңғалдыруда. Футбол жанкүйерлерінің көбісі оны Аргентинаның тумасы Мессиге ұқсайды деп пікір білдіріп жүрген көрінеді. Биылғы сайлауға кондидат болмаса да, 1,5 миллион сайлаушыдан дауыс жинаған Салах халықтың қалаулысы сияқты. Осы қарқынмен өз жұмысын әрі қарай жалғастырар болса, 2022 жылы өтетін кезекті Президент сайлауына көз жұмып өзін ұсына берсе болады.