Моуринью футболға тайм-аут енгізуді қолдайды
- Футболда ереже жиі ауысып тұрмайды. Голдың кірген-кірмегенін анықтайтын жүйенің іске қосылуын көп күттік. Ойын кезінде бапкерлердің ойыншыларға нұсқау беру үшін тайм-аут алуын дұрыс деп қараймын. Бұл өте қызықты болар еді. Байқасаңыз, әлем чемпионатында Луи ван Гал командасына су ішуге берілген уақытта дұрыс нұсқау беріп, жеңіске жетті, – деді португалдық маман The Telegraph сайтында жарияланған сұқбатында.
Футбол ережесіне өзгеріс енгізу бапкерлер тарапынан жиі айтылып келеді. Осыған дейін жазып кеткеніміздей, «Баварияның» бас бапкері Хосеп Гвардиола футболдағы ойыншылардың алмасу мүмкіндігінің санын арттыруды қалайтынын мәлімдеді. Италия мен Ресей ұлттық құрамаларының бас бапкерлері Антонио Конте мен Фавио Капелло да футболға тайм-аут ережесін енгізуді құптаған болатын.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет:sports.ru